ПАУЭРЛИФТИНГ ТУРНИРІ

Облыс орталығындағы – «POWER ARENA FITNESS» жаттығу залында пауэрлифтингтен кезекті жарыс өтті.
Дәстүрге айналған турнирге 30 ға жуық спортшы қатысты. Аталған додада ерлермен қатар нәзік жандылар қауымы да бақ сынады. Спортшылар түрлі салмақ және жас санаттары бойынша топтарға бөлініп, шеберліктерін көрсетті.
«(Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні! Біз де пауэрлифтингт турнирін осы спорт күніне орайластыра өткізудеміз. «КәсіпҚорған» кәсіподағы салауатты өмір салтын сақтау мен бұқаралық спортты дамытуға айрықша назар аударады. Біздің еңбеккерлеріміз бос уақыттарында қала аумағындағы жаттығу залдарына тегін дайындық жұмыстарын жүргізе алады. Бұдан бөлек, спорттың 8 түрі қамтылған спартакиада өткізіп тұрамыз.)»
— Жанар Салықова, «KasipQorgan» кәсіподағының Жезқазған филиалының аппарат жетекшісі
Жарыс алдында Өндіріс ошақтарындағы еселі еңбек пен спортты қатар алып жүрген ардагер спортшыларға құрмет көрсетіліп, сый сыяпаттар берілді.
Турнир қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және ақшалай сыйақылар табыс етілді. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық сайыстарды өткізуді әрі қарай да жалғастыра бермек ниетте...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


