Жаңалықтар

ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

ПЕДАГОГИКА САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Құрмет биігінде – педагогика саласының майталмандары! Бүгін облыс әкімдігінде өткен жиында білім беру саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ұлағатты ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыс етілді...

Өңірдегі білім беру саласының дамуы мен жас ұрпақты тәрбиелеу бағытына өлшеусіз үлес қосқан ұлытаулық ұстаздарға – «Құрмет» ордендері мен «Ерен еңбегі» үшін медальдары табысталды. Жиында аймақ басшысы Дастан Рыспеков – аталған сала өкілдеріне қолдау мен қамқорлық Президенттің жіті бақылауында екендігін атап өтті.

Бұл күні құрмет биігіне көтерілген ұстаздардың әрқайсының жұмыс тәжірибесі 40 жылдан кем емес. Марапат иелері - төккен тер мен еткен еңбектің еленгеніне ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, кейінгі жылдары аймақта білім беру саласында ауқымды жобалар қолға алынып, бірқатар оқу ордасы күрделі жөндеуден өткізілуде. Жуырда ашылған «Шабыт» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы саладағы оң жаңалықтардың жарқын көрінісі!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты