«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ЖӘРМЕҢКЕСІ»

Жезқазғанда педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған ІІ «Педагогикалық идеялар жәрмеңкесі» өтті. Облыстық байқауға мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Ауқымды шара Жезқазған гуманитарлық колледжінде өтіп, білім ордасының 60 жылдығына арналған «60 іс-шара» аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты - заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтап, оны кеңінен тарату, сондай-ақ ұстаздардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру. Жәрмеңке үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен қатысушылар дайындық жұмыстарын жүргізіп, кейін өз жобаларын ұсынды. Ұсынылған материалдар сараптама кеңесінің қарауына жіберіліп, қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ байқау үш секция бойынша ұйымдастырылған: мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беретін пәндер және педагогикалық бағыттағы арнайы пәндер. Жалпы жәрмеңкеге 20-дан астам педагог қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жәрмеңке аясында Атамекен кәсіпкерлер палатасының бастамасымен білім беру ұйымдары мен жеке кәсіпкерлер арасында меморандум жасалды. Бұл бастама екі тарап арасындағы байланысты нығайтып, өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталған.
«0764 1ші звуктан: / Бұл облыстық байқауда бизнес пен білім ордасы ынтымақтастығы арттыру мақсатында жасалған. Тәжірибе алмасу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу өскелең ұрпақ үшін өте маңызды әрі пайдалы бастама. Бұл жастардың кәсіби дамуын,білімін шыңдауға және болашақта білікті маман болып қалыптасуына үлкен септігін тигізеді»
— Жауһар Тұрсынова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Ұлытау облыстық филиалының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы
Сондай-ақ, шара барысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырушыларға алғыс хат табыстап, бірлескен жұмыстың маңызын атап өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған қатысушылар марапатталып, І, ІІ, ІІІ орын иегерлеріне және барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


