Жаңалықтар

ПОЭЗИЯ ТӘЖІ ҰЛЫТАУДА!

ПОЭЗИЯ ТӘЖІ   ҰЛЫТАУДА!

Ұлытау облысының ақындары «Мөлдір өлең» ұлттық поэзия жобасының тұңғыш жеңімпазы атанды. Жерлестерімізді Жезқазған әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алғандар қатарында біздің арнаның түсірілім тобы да болды…

Төрт айға созылған жыр додасына еліміздің 20 өңірінен 60 ақын қатысты. Қазақстан Жазушылар одағы мен ақын Мөлдір Айтбайдың бастамасымен биыл алғаш рет ұйымдастырылған жоба бірнеше кезеңнен тұрды. Ұлытау ақындары дода барысында Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының өкілдерінен басым түсті.

Ақтық кезеңде Ұлытау облысының командасы - Қызылорда облысы мен Астана қаласының шайырларымен бақ сынады. Жұртшылықтың дауыс беруі нәтижесінде ұлытаулықтар бас жүлдені иеленіп, «Мөлдір өлең» жобасының алғашқы «бриллиант тәжіне» қол жеткізді. Жеңімпаз және жүлдегерлерге қомақты қаржылай сыйақы да табысталды.

Осылайша Ұлытаудың ақындары жаңа жобаның алғашқы жеңімпазы атанып, өңір мәдениетінің айшықты беттерін жазды. Өндірісті өлкедегі өлеңнің биігі тұғырлы болғай!.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты