ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ БІР КҮНІ

Полиция қызметі – күн сайын түрлі жағдайлармен бетпе-бет келіп, жедел әрі нақты шешім қабылдауды талап ететін мамандық. Бұл жолы біздің түсірілім тобы тәртіп сақшысының бір жұмыс күнін бақылап, оның қызметтік міндеттерімен жақынырақ танысты.
Полиция қызметкерінің бір күні – жауапкершілік пен сақтықты талап ететін сан түрлі міндетке толы. Әрбір істің артында адам тағдыры тұрғандықтан, бұл салада қателікке орын жоқ. Бүгінгі кейіпкеріміз – Ұлытау облысы Полиция департаменті Анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы, полиция капитаны Нұрлыбек Балатай. Полиция саласындағы еңбек жолын 2016 жылы бастаған ол - 2023 жылдан бері Ұлытау облысында қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде тәжірибесі толысып, бүгінде аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы ретінде қызмет атқарып жүр.
«Анықтаушының өмірі күнде әр түрлі оқиғаға толы, күнде адамдардың жан мұқтажын тыңдаймыз, оларға тиісті заңға сәйкес шешім қабылдаймыз. Менің мамандығым жауапкершілікті, ұқыптылықты талап етеді. Өйткені, дұрыс шешім қабылдамаудың әсерінен жазықсыз адам жазаға тартылуы мүмкін, қылмыстың ашылмай қалуына себеп болуы мүмкін. Жәбірленушінің мүддесі тиісті деңгейде қорғалмауы мүмкін. Сол себепті біз жан жақты тергейміз»
— Нұрлыбек Балатай, Ұлытау облысы ПД, анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы
Анықтаушының жұмысы тек құжаттарды зерделеумен шектелмейді. Істің мән-жайын анықтау үшін қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалады. Әрбір дерек салыстырылып, нақты шешім қабылдауға негіз болады.
«ВИДЕО: С3462(звук қойылғасын қиямын, видеода дым естілмейді) және С3463 Анықтау басқармасында әр түрлі істі тергейміз. Соның бірі – жол көлік оқиғасы. Ұлытау облысы аумағындағы барлық жол көлік оқиғасы бізге бағынышты болады. Біз қадағалаймыз, тексереміз. Яғни, жол көлік оқиғасына себепкер болған барлық автокөліктер айып тұрағына қамалады, іс бойынша түпкілікті шешім шыққанға дейін автокөліктер осында қалады. Соққыға ұшыраған автокөліктерге қарап тексеру жүргіземіз. Қай жерінен соққы болған, қажетті сараптамалар тағайындаймыз. Кейде келіспеушілік жағдайлар туындайды, екі автокөлік те өз кінәсін мойындамайды. Сол кезде біз арнайы сараптамалар тағайындап, сарапшы маман көмегімен кімнің кінәсі екенін анықтаймыз»
— Нұрлыбек Балатай, Ұлытау облысы ПД анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы
Мұндай жұмыста тәжірибемен қатар, әріптестермен бірлесе әрекет ету де маңызды. Себебі күрделі істің әр кезеңінде бірнеше маманның көмегі қажет болуы мүмкін.
«Ол өз ісінің маманы, шебері. Сонымен қатар жол көлік оқиғасын өте жақсы тергейді. Жол көлік оқиғасына қатысты резонансты істерді тергеген. Жол көлік оқиғасының алдын алуға жасап жатқан еңбегі өте зор»
— Әзиз Бұқарбай, Ұлытау облысы ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы
«ВИДЕО: С3445 және және Нұрлыбек Қабланбекұлымен бірге 2024 жылдан бері бірге қызмет атқарамыз. Жұмыстан бұрын, өзінің отбасында үлгілі әке. Отбасына қамқоршы жігіт есебінде танимын. Өзінің жұмысына өте тиянақты. Әрбір тапсырманы уақытылы орындайды. Ол кісімен аға-іні ретінде де жақсы араласамыз. Жұмыстан бөлек, отбасымен де араласамыз. Ағалық жолын көрсетеді. Тергеу барысында бір бірімізге көмегіміз көп болады, үлгермей жатқанда көмектесеміз. Қылмысты анықтау барысында бір бас емес, екі бас болып ойланса өте тиімді»
— Диас Ыдырысов, Ұлытау облысы ПД тергеу басқармасының тергеушісі
Іс материалдарын зерделеу, қажетті әрекеттерді жүргізу, сараптамаларды тағайындау – күнделікті жұмыстың бір бөлігі ғана. Ал әр істің артында заң талаптарын сақтап, нақты шешім қабылдау жауапкершілігі тұр. Нұрлыбек Қабланбекұлы үшін бұл – он жылдан бері жалғасып келе жатқан кәсіби жолдың күнделікті көрінісі.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


