Жаңалықтар

ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫ ШОҚЫНУ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫ ШОҚЫНУ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

тим 19.01.2026.

Бүгін православ христиандары шоқыну мерекесін атап өтті. Аталған діни рәсімді - облыс орталығындағы православ өкілдері де белсенді ұйымдастырды.

Шоқыну шарасы – православ христиан дінін ұстанушылардың дәстүрлі мерекесі. Қасиетті суға үш мәрте сүңгу – ең көне әрі басты діни мейрамдарының бірі. Сенімге сәйкес бұл күні қасиетті суға түскен адам күнәдан тазарып, сырқаттан айығады.

-(Бұл мерекенің тарихы тым тереңде. Біз бұл күнге тек мереке ретінде қарамаймыз. Аязды күнгі мөлдір, таза су – адамның ішкі жан дүниесін күнәлардан тазартады. Денсаулыққа да пайдасы орасан. Ең бастысы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау. Бір айта кетерлігі, шоқыну шарасына қатысушылар қатары саны жыл сайын артып келеді.) Діни рәсім таңғы уақыттан басталды. Православ христиандары бұл уақыттағы ауа райын “крещение аяздары” деп түсінеді. Тұтас отбасы мүшелерімен келіп шоқынып жатқандар да болды.

-(Менің жасым 58 де. Шоқыну шарасына бірнеше жылдан бері үзбей қатысып келемін. Қазір далада ауа температурасы 20 градустан төмен. Бірақ, мен өзімде өте жақсы сезініп тұрмын. Біз тек мұздай суға түсіп қана қоймаймыз, біз ғибадат етеміз. Мерекенің негізгі мәні осында деп түсінген жөн!) -( Ерекше мейраммен баршаңызды құттықтаймын! Бірінші байлық денсаулық десек, бұл деннің саулығы үшін басты мереке! Ауырмаңыздар. Аязда шыныққан адамның дені де, тәні де сау болады.) Айта кетейік, шоқыну рәсімінде қауіпсіздік талаптары бірінші кезекте болды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты