Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ – СЕНІМГЕ СЕРПІН

ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ – СЕНІМГЕ СЕРПІН

«Қазақстан – жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты.» Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбаты - елдің саяси өміріндегі маңызды оқиғаға баланып, онда айтылған орамды ойлар мен пайымды пікірлер қоғам өкілдерінің қолдауына ие болуда...

Аталған ауқымды сұхбат арқылы - биліктің қазіргі ұстанымы, дамудың негізгі бағыттары және қоғамдағы түйткілді мәселелер кеңінен тарқатылған. Сұхбат мазмұны оның тек ақпараттық емес, саяси-бағдарлық сипатын да айқындай түседі. Мәселен, елімізде кейінгі жылдары қолға алынған жемісті реформалар нәтижесінде мемлекет экономикасы мен ішкі өнім көлемі артқан...

Бұдан бөлек салық саясаты мен энергетикалық және коммуналдық сектордағы реформалар өз жемісін беруде. Жол инфрақұрылымы да даму кезеңінде. 2030 жылға дейін 5 мың шақырымдық теміржол салынып, 11 мың шақырым теміржолын жөндеу жоспарланған. Мұның бәрі халықтың қолайлы тұрмысына негізделген жобалар. «Енді елдің дамуы деңгейі екі есе қарқынмен арту керек», - деді Президент өз сөзінде...

Президент сұхбатын жұртшылық Үндеуі ретінде де қабылдауда. Ал, Үндеуге – үн қосушылар ел дамуына жолында бірлесе еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізуде.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты