Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ – ЖЕМІСТІ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

ПРЕЗИДЕНТ СҰХБАТЫ – ЖЕМІСТІ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынып жатқан тың реформалар әрі қарай да жалғаса бермек. Бұл жөнінде Президент «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан – жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты», - атты сұхбатында толығырақ тарқатты...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында мерзімді баспасөзге сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналған. Өткен жылы «Ана тілі» газетінде ағынан жарылған Президенттің бұл жолғы таңдауы «Turkistan» газетіне түскен.

Кең көлемді сұхбатта Президент әлеуметтік әділдік, экономикалық тұрақтылық, реформалардың жалғасуы сияқты қоғам үшін өзекті тақырыптарға тоқталды. Сонымен қатар, салық саясатындағы оң өзгерістерді де тілге тиек етті...

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы өз сұхбатында турзимді түлетуге бастайтын жобалар жөнінде де айтты. «Әлем елдері туристерді тарту үшін жеке инвесторларға қолайлы жағдай жасап отыр. Біздің елде көрікті жерлер өте көп. Бұл ретте экотуризмді дамытуды қолға алуымыз.», - керек деді Президент.

Айта кетейік, өткен жылы Ұлытау облысына 22 мыңнан аса турист келген. Оның ішінде шет елден келгендер саны 1035 адамды құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент сұхбатымен жандана түспек...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты