ҚАЛА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

Сәтбаев қаласының құрылғанына биыл 53 жыл. Қала күнінде эстрада жұлдыздарының қатысуымен ауқымды гала-концерт өтті. Мерекелік кешке қала тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда, 10 мыңға жуық адам жиналды.
Бүгін Сәтбаев қаласында ерекше мерекелік көңіл-күй. Қаланың туған күніне орай ұйымдастырылған концертке тұрғындар мен қала қонақтары жиналып, жұлдыздардың өнерін тамашалауда. Мерекелік кеште Сәтбаевтың тарихы мен бүгінгі жетістіктері де кеңінен дәріптеліп жатыр.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар шаһар бүгінде өндірісімен ғана емес, әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуымен де жаңа белестерді бағындырып келеді. Мерейтойлық кеште облыс басшысы Есет Байкен мен Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қала жетістіктеріне тоқталып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады.
«ВИДЕО: С3234 /там на русском тоже есть»
— Есет Байкен, Ұлытау облысының әкімі
«ВИДЕО: С3243 жәнен Баршаңызды сәулеті мен дәулеті жарасқан мысты шаһарымыздың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сарыарқаның төсінде, Ұлытаудың төрінде бой көтерген Сатбаевымыздың өзіне тән ғана мінезі бар. Кеншілердің еңбегімен қалыптасқан қаламыз жас болса да, тарихы терең, адамдары бір бірімен жақын. Біздің өлкеміздің тарихы Қаныш Имантайұлының есімімен сабақтас»
— Мұрат Бөрібаев, Сәтбаев қаласының әкімі
Мерекелік кештің көркін қазақ эстрадасының жарқын өкілдерінің өнері қыздырды. Сахна төрінде көпшілікке танымал Камшат Жолдыбаева, Әміре, Нұржан Керменбаев пен «Жігіттер» квартеті өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
«Құрметті жерлестер. Баршаңызды қала күнімен құттықтаймын. Қаламыздың гүлдене беруін тілеймін, қаламыз дами берсні, гүлдене берсін, тек жақсылық болсын. Әрдайым жерлестерімді сағынып келіп тұрамын. Жерлестерім де мен құшағын жайып қарсы алады. Рақмет сіздерге»
— Нұржан Керменбаев, эстрада әншісі
«Баршаңызды меркемен құттықтаймын. Сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Әр келген сайын халық ерекше қарсы алады. Шын жүректен алғысым шексіз. Бәріне рақмет»
— Әміре
Әуезді ән мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленген көрермен кеш бойы әртістерге қолдау көрсетіп, бірге ән шырқады.
«КОНЦЕРТКЕ КЕЛДІК, ӨТЕ ЖАҚСЫ ӨТІП ЖАТЫР, БІЗ ӨЗІМІЗ Сатбаевың Жезді қалашығында тұрамыз. Нұржан Керменбаев келеді деген соң, арнайылап келдік»
— Күміс Маметова, қала тұрғыны
«Сәтбаев қаласы тұрғынымен, Сәтбаев қаласының туған күні құтты болсын, әкімшілікке рақмет, осындай концерт ұйымдастырып жатқаны үшін. Қаламыз көркейе берсін!»
— Мұхамеджан Әжбен, қала тұрғыны
«бүгінгі мерке құтты болсын, концерт өте керемет өтуде, ризамыз»
— Қанат Омаров, қала тұрғыны
Мерекелік концерт отшашумен қорытындыланып, шаһар тұрғындарына ерекше әсер сыйлады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


