ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін - Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті 43 ші сессиясы өтті…
Сессияны мәслихат төрағасы Раушан Қаппарова ашып, жүргізіп отырды. Алдымен әдеттегідей сессияның күн тәртібі мен сессия хатшылығының құрамы бекітілді. Жиынға шаһар басшысы Қайрат Шайжанов арнайы қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: Жезқазған қаласының 2026 жылығы бюджетін нақтылау. Сондай-ақ облыс орталығында қолға алынған абаттандыру жұмыстары да осы жиында талқыланды...
-(Өздеріңіз білетіндей, Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыру – облыс әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» арасындағы меморандум шеңберінде жүзеге асырылады. Біз бұл жоба арқылы үнемделген қаржыға бірқатар саябақдар мен демалыс орындарын жаңғыртпақпыз.) Жиында көтерілген мәселелердің бірі – Жезқазғандағы тарихи мәдени ескерткіштерді күтіп ұстау мен оларды қайта жаңғырту жұмыстары. Мәслихат депуттары болашақта қала аумағындағы еңселі ескерткішті күтіп ұстау шығыны – ескерткіштерді қорғау жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік мекемелерге тапсырылса дейді.
Айта кетейік, қала бюджетінің негізгі салмағы әлеуметтік және коммуналдық салаға бағытталған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


