Жаңалықтар

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін Жезқазған қалалық мәслихатының кезекті 46 ші сессиясы өтті. Онда күн тәртібіне алты негізгі мәселе шығарылды.

Сессияны мәслихат төрағасы Раушан Қаппарова ашып, жүргізді. Алдымен әдеттегідей сессияның күн тәртібі мен сессия хатшылығының құрамы бекітілді. Жиынға шаһар басшысы Қайрат Шайжанов арнайы қатысты Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі - 2026-2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтер бюджетіне өзгерістер енгізу болды. Бюджетті нақтылау аясында 3 миллиард 23 миллион теңгеден астам қаржыны қайта бөлу ұсынылды. Қаражат жол инфрақұрылымын дамытуға, көшелерді жарықтандыруға, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шараларын қаржыландыруға бағытталмақ.

Сондай-ақ сессияда тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін жетілдіру, жер комиссиясының құрамын бекіту және қолданыстағы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес қалалық мәслихат аппаратының жаңа ережесін бекіту мәселелері депутаттардың қарауына ұсынылды.

Сессия қорытындысында депутаттар күн тәртібіне шығарылған барлық мәселелерді қолдап, тиісті шешімдерді қабылдады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты