Жаңалықтар

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

Бүгін Жезқазған қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXX сессиясы өтті. Күн тәртібіне 7 мәселе шығарылды.

Кезектен тыс сессия жұмысын қалалық мәслихат төрағасы Раушан Қапарова ашып жүргізді. Жиынға қала әкімі Қайрат Шайжанов, депутаттар, мемлекеттік органдардың басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.Алдымен депутаттар күн тәртібін бекітіп, есеп комиссиясын сайлады.Бұдан соң қала дамуына тікелей әсер ететін бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Негізгі талқылау бюджетке енгізілетін өзгерістер төңірегінде өрбіді. Қаржы құжатын нақтылау кезінде халық қалаулылары абаттандыру жұмыстарының барысы, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғын үймен қамту бағытындағы жоспарлар бойынша сауалдар қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын барысында ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары да талқыланды. Мемлекеттік қызметшілерге төленетін көтерме жәрдемақы көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке артқаны айтылды. Ал 2026 жылы 2 миллион теңгеден асатын төлем бес маманға берілуі жоспарланып отыр.Сондай-ақ депутаттар «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы инвестициялық жоспарды талқылап, оның тиімді жүзеге асырылуына қатысты ұсыныстарын білдірді.Бұдан бөлек, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын жасақтау, сайлау учаскелерінің әзірлігі және 15 наурызға жоспарланған референдумды ұйымдастыру жұмыстарының барысы қаралды.

40-шы сессияда қаралған барлық сұрақтар депутаттар тарапынан қолдау тауып, тиісті мемлекеттік органдардың бақылауына алынды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты