Жаңалықтар

ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН ЖҮЗДЕСУ

«Ұлытау облысындағы әдебиет тынысы және шығармашылық әлеміндегі жемісті жобалар!» Өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов пен облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекованың жүздесу жиынының негізі тақырыбы аталған мәселелер жөнінде болды.

Облыс әкімдігінде өткен жиынға аймақтағы зиялы қауым өкілдері арнайы қатысты. Жазушылар Одағының төрағасы Мереке Құлкенов – Ұлытау даласының қазақ руханиятындағы орнына айрықша тоқталып, қаламгерлерді қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен таныстырды.

Жиын барысында – өндірісті өлкедегі әдебиет пен мәдениеттің әлеуеті, Ұлытаудың қос перзенті Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың 110 жылдық мерейлі белесі, жастарды кітап оқуға баулу сынды бірнеше тақырыптар көтерілді.

Жүздесу соңында облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова – Жазушылар одағын төрағасының иығына өңір логотипі таңбаланған шапан жауып, аймақ басшысының алғыс хатын табыстап, ұлытаулықтардың атынан сый құрмет көрсетті. Айта кетейік, бүгінде Ұлытау облысында Қазақстан Жазушылар одағының 10 ға жуық мүшесі бар!

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты