ҚАНЫШ ҒАЛЫМНЫҢ ІЗІМЕН

«Қаныш ғалымның ізімен!» Бүгін - академик жүрген айшықты жолмен Жезқазған-Қызылорда-Жосалы-Қарсақбай бағытында арнайы экспедиция тағылымды сапарға шықты...
Биыл академик Қаныш Сәтбаевтың қара шаңырақ Қарсақбай даласында тұңғыш геологиялық барлау жұмыстарын жүргізгеніне тура - 100 жыл! Ғасырлық белеске орай Жезқазғаннан жолға шыққан экспедиция құрамында 20 ға жуық адам бар.
Айта кетейік, Қаныш ғалымның Ұлытау аймағындағы алғашқы зерттеулерінің 100 жылдығына арналып өңірде де бірқатар іс шара ұйымдастырылған.
Жезқазғаннан аттанған делегацияны қала әкімі Қайрат Шайжанов пен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мағжан Табылдин бастаған топ ақ жол тілеп, шығарып салды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


