Жаңалықтар

«ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ЖЕЗҚАЗҒАН»

«ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖӘНЕ ҮЛКЕН ЖЕЗҚАЗҒАН»

Ұлытау ауданына қарасты Қарсақбай кентінде академик Қаныш Сәтбаевтың Ұлытау–Жезқазған аймағында еңбек жолын бастағанына 100 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. «Қазақмыс Корпорациясы» ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Ұлытау ауданы әкімдігі мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен қолға алынған тағылымды шара жайында тілшіміз толығырақ тарқатады...

Стендап 1283702 ЖҮНІС ТӨРЕГЕЛЬДИН Қарсақбайдың орталығындағы Мәдениет үйінде өткен шара – тарихи тұрғыда үлкен мәнге ие. Осының айғағындай өндіріс ардагерлерінің бастамасымен Мәдениет үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараны Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары Алмат Сакипов ашып, жиналған жұртшылықты маңыздылығы жоғары оқиғамен құттықтады.

«Р1283639 Тастын бетін ашу»

— Алмат Сакипов, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары

Осыдан 100 жыл бұрын тарихи жиын өткен Қарсақбай мәдениет үйі бүгінгі күнге дейін халыққа рухани тұрғыда қызмет көрсетіп келеді. Бұл ғимарат тарихи оқиғаларға куә болған қасиетті шаңырақ.

«Директор Клуб Р1283592: 00:27 02:30 03:34»

— Айткүл Ибраева, Қарсақбай кенті мәдениет үйінің басшысы

Іс шара барысында Қаныш Сәтбаевтың өнегелі өмірі мен Ұлытау–Жезқазған өңірін дамытудағы тарихи рөлі туралы естеліктері айтылды.

Қарсақбайдың қазіргі қамқоршысы осындағы металлургия заводы. Осы өндірістің басшысы, Ұлытау облысы мәслихатының депутаты Мұрат Маткенов бүгінгі жиынның маңызы жөнінде ойларымен бөлісті.

«Директор завод Маткенов Р1283617 00:06 02:00»

— Мұрат Маткенов, Қарсақбай металлургия заводының директоры

Шара аясында Қарсақбай мектебінің ауласына ағаш көшеттері отырғызылып, музейде арнайы экскурсия өткізілді. Сондай-ақ қатысушылар Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин музейіне барып, өңірдің индустриялық тарихымен танысты.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты