ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЖҮРГЕН ТАРИХИ ЖОЛДАҒЫ – ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ

Жезқазған-Қызылорда-Жосалы-Қарсақбай! Академик Қаныш Сәтбаев жүрген тарихи жолмен тағылымды сапарға шыққан экспедиция өңірге оралды.
Биыл Қаныш Сәтбаевтың қара шаңырақ Қарсақбайда тұңғыш геологиялық барлау жұмыстарын жүргізгеніне - 100 жыл! Ғасырлық белеске орай Жезқазғаннан 5 ші тамызда жолға шыққан экспедиция Қаныш ғалымның ізімен тарихи маңызға ие танымдық сапардан келді. 20 адамнан құралған Ұлытаулық экспедиция құрамында Сәтбаевтың металлургия саласындағы сәулелі ісін жалғап жүрген өндіріс жастары да болды.
Аталған экспедицияға – Қызылорда және Түркістан облыстарынан да бір қауым делегация қосылған. Үш күндік сапардан - Экспедиция мүшелерінің алған әсері мол.
Айта кетейік, экспедицияның өту барысы мен оның мүшелерінің қатысуымен Қызылорда облысында өткен ауқымды іс шаралар жайында жуырда біздің арнада арнайы бағдарлама көрерменге жол тартады.
Пландары: Алихандағы Қызылорда экспедициясынан.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


