Жаңалықтар

ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

«Қақтығыстар. Қақтығыстарды басқару. Қақтығыс жағдайындағы тиімді коммуникация құралдары.» Сәтбаев қаласында аталған тақырыпта ауқымды форум өтті. Онда қатысушылар - келіспеушіліктердің туындау себебін, оларды шешу жолдарын және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мәселелерін талқылады...

Қақтығыстар – күнделікті өмірде, жұмыс орнында және қоғамдық ортада кездесетін қалыпты құбылыс. Мұндай жағдайларда дұрыс басқара білу және өзара түсіністікке қол жеткізу маңызды. Осы мақсатта қолға алынған форум жұмысына Сәтбаев қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Амангелді Құрақбай мен прокуратура өкілдері арнайы қатысты.

Форумның негізгі бөлімінде команданы қалыптастыру, ұжымдық жұмыс дағдыларын дамыту және келіспеушіліктерді тиімді шешу мәселелері қарастырылды...

- (Бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты – қақтығыстың мәнін тереңірек түсіндіру. Біз қақтығыс туралы айтқанда, бұл құбылысты дұрыс түсіне бермейміз. Негізінде, қақтығыс – дамушы қоғамға тән құбылыс. Ол кез келген ұйымда, еңбек ұжымында, тіпті әрбір отбасында да орын алуы мүмкін. Бүгінгі тренинг барысында қақтығыстың мәнін, оның туындау себептерін, әсіресе еңбек қатынастары саласындағы келіспеушіліктердің себептерін қарастырудамыз. Ең бастысы, келіссөз жүргізудің негізгі қағидаттарын түсіндіріп, қызметкерлермен және азаматтармен сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретін тиімді коммуникация құралдарын талқылаймыз...) Мамандардың айтуынша, қақтығысты шешуде тараптардың пікірін тыңдау, мәселені жан-жақты қарастыру және ортақ шешімге ұмтылу маңызды. Бұл дағдылар жұмыс барысында ғана емес, күнделікті өмірде де қажет.

Форум соңында тыңдаушылар өз ойларын ортаға салып, тақырып төңірегінде кері байланыс орнады. «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген форум қатысушыларына сертификаттар табыс етілді...

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты