ҚАРАЖАЛ ПРОКУРАТУРАСЫНДА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТ

«Заң және тәртіп!» Қаражал қаласында қалалық прокуратураның жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді.
Қаражал қаласындағы жаңа әкімшілік нысан - мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен, халықтың игілігіне бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде бой көтерді. Аталған ғимараттың Салтанатты ашылу рәсіміне аймақ басшысы Есет Байкен арнайы қатысты...
Жаңа ғимараттың жалпы аумағы 220 шаршы метрді құрайды. Бір қабатты нысан - заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ең бастысы: прокуратура қызметкерлерінің сапалы жұмыс істеуі қамтамасыз етілген.
Қаражал қаласында – 8 мыңға жуық тұрғын бар. Прокуратураның әкімшілік жаңа ғимараты – Президент ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатын басты назарда ұстауға оң серпінін бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


