Қаражал қаласы

ҚАРАЖАЛДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

ҚАРАЖАЛДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Қаражалда - коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі жалғасуда. Аталған бағыттағы ауқымды жобаның бірі – қаланың 11 ші орамындағы көпқабатты тұрғын үйлерді Орталық жылу жүйесіне қосатын нысан құрылысы.

Ұлытау облысының құрылуымен – Қаражал қаласындағы түйткілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазыналы өлкедегі көптің, көптен айтып жүрген шаруасы – жылу мәселесі еді. Бұған дейін бірқатар көпқабатты тұрғын үй – Арқаның алты ай қысында үйді пеш жағып жылытатын...

«(Сонау 90 шы жылдардағы тоқырау кезеңінде қаланың Орталық қазандығы жұмысын тоқтатқан. Көпқабатты үйді пеш жағу арқылы жылыту – қауіпсіздік талаптарына да қарсы. Осы жобаның жүзеге асырылуымен өзекті мәселе өз шешімін табады. Жылумен жабдықтау нысаны құрылысы жыл соңына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде...)»

— Светлана Милиус, Қаражал қалалық Құрылыс бөлімінің басшысы

Қалалық Құрылыс бөлімі тапсырыс негізінде қолға алынған жоба аясында – Қаражалдағы 20 ға жуық нысан Орталық жылу жүйесіне қосылмақ. Оның 13 і көпқабатты тұрғын үй.

Иә, күнделікті пеш жағып, күл шығаратын көп жылдық бейнеттен қол үзетін тұрғындардың қуанышы айрықша. Қазір тұрғын үйлерге жылу желілерін орнату жұмыстары да қатар атқарылуда.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты