ҚАРСАҚБАЙДА МЕТАЛЛУРГТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Металлургтер күніне арналған мерекелік іс шаралар легі Қарсақбайда да ұйымдастырылды. Өндірісті өлке тарихында - мыс бұлағын ағызған Қарсақбай металлургиясының орны айрықша маңызға ие!
Қазақтың қара шаңырақ Қарсақбайында - Қаныш ғалымның Жезқазған металлургиясындағы алғашқы қадамы жасалған. Мұндағы мерекелік шараның шымылдығы «Қарсақбай металлургтері» аллеясының ашылуымен бастауын алды. Зауыт ұжымының қолдауымен салынған жаңа демалыс орны - еңбек адамдарына тағзым ететін тағылымды алаңға айналады деп күтілуде. Сонымен қатар, кенттің жаңа келбетін де қалыптастырмақ. Ал, туған ауылына тарту жасаған 1999 жылғы түлектер жаяу жүргіншілер жолына жарық шамдарын орнатып, игілікті іске өз үлестерін қосуда.
Қуанышты сәтке куә болған тұрғындар да бұл күннің мәні ерекше екенін айттты. Мұндағы әр әулетте металлургия саласының майталманы бар…
«1055 1ШІ ЗВУКТАН: / / Мен енді бұл салада 40 жылдай еңбек еттім металлургия саласында. Главный энергетик болып жұмыс істедім. Енді айтар үлкен мереке құтты болсын. Отбастарыңыз аман болсын! Денсаулықтарыңыз мықты болсын! Мерекеден мерекеге жете берейік. Көп жылдан бері бұл істемей тұрған. Істейтін адамдардың бәрі өмірден озып кетті. Істейм деген азаматтар болды ауылда. Бірақ олар енді өмірден озып кеткеннен кейін жөндемейді ғой. Соны биыл қолға алып, ауылдың азаматтары, зауыттың азаматтары солардың еңбегінің арқасында мінекей субұрқақ өте жақсы жұмыс істеп тұр. Мен бірталай жылдан бері мұндайды көрген жоқпын шынын айтқанда. Бұған дейін да, бұдан кейін жақсы болад шығар, бұған дейін мұндай болған жоқ. Сондықтан енді барлықтарыңызға үлкен рахмет!»
— Айтқали Маменов, металлургия саласының ардагері
Аллеяның ашылуынан кейін мерекелік шара еңбек озаттарын төрге оздырған рәсімімен жалғасын тапты. Салтанатты жиында өндірістегі жоғары кәсіби шеберлігімен, адал еңбегімен ерекшеленген еңбеккерлерге Құрмет грамоталары, Алғыс хаттары мен салалық төсбелгілер табысталды.
Марапат иелері көрсетілген құрметті ұжым еңбегінің жемісі деп бағалайды. Олар үшін бұл марапат - өндірістегі жауапты қызметке берілген баға ғана емес, еңбекке деген құрметтің көрінісі!
Мереке соңында саябақта ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Қатысушылар асық атып, арқан тартып, эстафеталық сайыстарда бақ сынады. Аталған жарыс түрлеріне ересектер мен қатар балалар да белсене қатысты. Ең бастысы: мерекелік көңіл күйдің әсері сезілді…
Металлургтер күніне арналған қазыналы Қарсақбайдағы іс шаралар - өндіріс тарихын тереңнен дәріптеген мазмұнды шараға айналды. Ғасыр жасаған зауыт - жас облыстың жарқын болашағына да айшықты қадам жасауда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


