«ҚАУІПСІЗ ОТБАСЫ» ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

Жезқазғанда – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Қауіпсіз отбасы» ведомствоаралық форумы өтті. Іс-шара барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өткен форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, адам құқықтарын қорғау саласының мамандары мен үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Жиында отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар сөз болды. Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғалар қоғамда жиі көтеріліп, мәселе мемлекеттік деңгейде ерекше бақылауға алынған. Осыған байланысты заңнамалық өзгерістер енгізіліп, құқықтық жауапкершілік күшейтілген.
«0003 / ПЕРЕВОД: «Бүгінгі форум «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында өтіп жатыр. Негізгі мақсат - отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасы институтын нығайту. Сонымен қатар осы саладағы мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заңнамалар талқыланып, өмірде кездесетін нақты жағдайлар қарастырылады»»
— Құрмет Саттыбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Жиында сала мамандары тұрмыстық жанжалдардың себеп-салдарын талдап, құқықтық көмек көрсету тетіктерін түсіндірді. Сонымен қатар дағдарыс орталықтарының жұмысы, жәбірленушілерге көрсетілетін әлеуметтік, психологиялық қолдау шаралары да кеңінен айтылды.
Айта кетейік, отбасылық қауіпсіздікті күн тәрбіне шығарған мұндай ашық форматтағы пікір алмасу өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


