Жаңалықтар

«ҚАУІПСІЗ СУ» АКЦИЯСЫ

«ҚАУІПСІЗ СУ» АКЦИЯСЫ

Өңірде - «Қауіпсіз су» акциясы өткізілді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ұйытқы болуымен өткен қауіпсіздік шарасына - Жезқазған қаласының прокуратурасы, Полиция басқармасы және ерікті жастар да белсене қатысты. Бұл күні Кеңгір көліндегі рұқсат етілген және рұқсат етілмеген аймақтарда тынығушыларға - судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.

Қазіргі уақытта облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын бар. Олар: «Мадагаскар» жағажайы; «Дом рыбака» және «Горняк» демалыс аймағы; сондай-ақ Байдарка және каноэ есу базасы. Аталған орындардың барлығы Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан.

Акция барысында 250 ге жуық азаматқа және 6 балықшыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 175 жадынама таратылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты