Жаңалықтар

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС ШАРАСЫ

Жезқазған-Қарағанды бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда «Қауіпсіз жол» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтті. Облыстық полиция департаменті ұйымдастырған іс-шараның негізгі мақсаты - жолдағы қауіпсіздікті күшейтіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Профилактикалық іс-шараға полиция департаментінің қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері қатысты. Олар жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік талаптарын түсіндіріп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңызын ескертті. Әсіресе белгіленген жылдамдықты асырмау, басып озу тәртібін бұзбау және арақашықтықты дұрыс сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Кейінгі үш күннің қорытындысы бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 435 дерегі анықталған. Оның ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 9 және қарсы бағытқа шығып кетудің 8 фактісі бар.

Жолдағы қауіпсіздік ең алдымен жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты. Сондықтан полиция мамандары рейдтік бақылаумен қатар, жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын да жалғастыра бермек.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты