«ҚАУІПСІЗДІК АЗИМУТЫ» АКЦИЯСЫ

«Қауіпсіздык азимуты!» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен қолға алынған акция аясында облыс орталығында кезекті профилактикалық іс-шара өтті...
Аталған акцияға облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге Жезқазған қаласы прокуратурасы мен полиция өкілдері және ерікті жастар қатысты. Бұл күні Кеңгір көліндегі рұқсат етілген және рұқсат етілмеген аймақтарда тынығушыларға - судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Қазіргі уақытта облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын бар. Аталған орындардың барлығы Жезқазған қаласындағы Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан. Жағалау аумағы үнемі бақылауда...
Айта кету керек, шомылу маусымы басталғалы өңірде оқыс оқиға тіркелмеді. Бұл –салаға жауапты мамандардың судағы қауіпсіздіктің алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстардың оң нәтижесі. Ал, аталған акция 30 шы қыркүйекке дейін жалғасады.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


