«ҚАЗАҚМЫС БАРЫСЫ»

Өңірде өтіп жатқан «Қазақмыс ұлттық ойындары - 2026» жарысының екінші күні қазақ күресінің тартысты белдесулермен жалғасты. Ұлттық спорттың айбынын асқақтататын дүбірлі додада «Қазақмыс» кәсіпорындарының үздік балуандары өзара мықтыны анықтады.
Бозкілемге 50 балуан шықты. Олар 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде сынға түсті. Турнирдің басты жүлдесі - дәстүрлі «Қазақмыс барысы» чемпиондық белдігі.
Турнирге спорт ардагерлері мен қазақ күресінің танымал өкілдері де арнайы қатысты. Олар жас балуандарға сәттілік тілеп, ұлттық спорттың дамуына мұндай жарыстардың маңызы зор екенін атап өтті.
«1ші звуктан 00:15:00:41 Бүгін өте кешеден бастап керемет той болып жатыр. Дос сенетіндей,дұшпан күйінетіндей. Өз басым қуаныштымын осындай Қазақмыс сияқты алпауыт компания осындай өзіміздің ұлттық спортқа көңіл бөліп жатқанын, оның ішінде палуандарымыз спортшыларымыз осындай алпауыт компанияда жұмыс істеп жатқандарына шын жүректен қуаныштымын. Бүгінг палуандар баршаңызға сәттілік»
— Бейбіт Ыстыбаев, Қазақстан Барысының үш дүркін чемпионы
Белдесулерде балуандар тек күш пен шеберлікті ғана емес, қазақ күресіне тән қайсарлықты, төзімділік пен қарсыласқа деген құрметті де көрсете білді.
«0073 7ші звуктан: / Жұмыс жасап жатқаныма 6 жыл болды. Енді бүгін Қазақмыс ұлттық ойындары қазақша күресіне қатысып отырмын. Сол 3 кездесу жасадым, екеуін ұттым, үшіншісінде ұтылдым өкінішке орай.Осы Қазақмыс корпорациясына өз алғысымды айтамын. Жылдан жылға осындай жарыстар ұйымдастырыла берсін. Қуанышен қатыса береміз. Енді осы қазақша күреспен айналысқаныма 10 жылдай болды»
— Айдос Жақсыбеков, Балқаш байыту фабрикасының қызметкері
Қазақмыс ұлттық ойындары-2026» қорытындысы салтанатты марапаттау рәсімінде белгілі болады. Турнирдың жеңімпаздары туралы толығырақ ертеңгі жаңалықтар шығарылымынан көре аласыздар.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


