Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС – ЖАҢА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

«ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС – ЖАҢА БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Ол компанияны 2022 жылдан бері басқарған Нұрахмет Нуриевтің орнына келді. Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University (Вудбери университетінде) MBA (эм-би-эй) дәрежесін алған.Коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысты. Сондай-ақ Басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты