Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫС» ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

«ҚАЗАҚМЫС» ҚАУІПСІЗДІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

«Қазақмыс» компаниясы өндірістік қауіпсіздікті күшейтті. Жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі өндіріс орындарындағы қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған кешенді жұмысты бастады. Енді өндірістегі қауіпсіздік мәселелері басқарма төрағасының жеке бақылауында болады. Бұл туралы ол өндіріс ошақтарын аралап, қызметкерлермен танысу барысында мәлімдеді. Руслан Өскәнәлі өндірісте ешқандай жоспар немесе белгіленген мерзім адам өмірі мен денсаулығынан жоғары тұрмауы тиіс екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты еңбек қауіпсіздігі талаптарының қатаң сақталуы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету барлық деңгейдегі басшылардың тікелей міндеті екені айтылды. Компанияда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау негізгі басымдық ретінде қарастырылған.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты