Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫС ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ 2026»

«ҚАЗАҚМЫС ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ   2026»

Облыс орталығында металлург күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Салтанатты бағдарламаның шымылдығы «Намыс» спорт кешенінде өткен «Қазақмыс ұлттық ойындары - 2026» жарысының ашылуымен түрілді.

Ұлттық ойындарға «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің өндірістік кәсіпорындарынан құралған 13 команда қатысуда. Аталған жарыс қызметкерлер арасындағы ұйымшылдықты нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және қазақ халқының ұлттық спортын насихаттауға бағытталған. Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Мұқан Үңгітбаев сәттілік тіледі.

Жарыс бағдарламасына ұлттық спорттың жеті түрі енгізілген. Атап айтқанда, тоғызқұмалақ, асық ату, бес тас, садақ ату, қазақ күресі, таяқ тарту және арқан тарту. Бұл спорт түрлері халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, күш-жігері мен ептілігін, төзімділігі мен шеберлігін айшықтайды.

«2455 3ші звуктан: / Мен Қарағанды летейно-машина құю зауытынан Қазақмыс ұлттық ойындарына 1 ші рет қатысуым бес асық ойынына. Бес асық ойыны қазақтың ұлттық ойындарының бірі болып есептеледі. Өте әсерлі.Бұл жерде адамның сабырлылығын, шыдамдылығын, төзімділігін сынайтын ойын. Асықпау керек, ережелерді мұқият қадағалап, ойын барысын сақтау керек»

— Нұрбибі Тағаева, Қарағанды құю-механикалық зауытының қызметкері

Ұлттық ойындар екі күнге жалғасады. Осы уақыт ішінде командалар жүлделі орындар үшін тартысқа түсіп, спорттық шеберліктерімен қатар ұлттық құндылықтарға деген құрметін де паш етпек. Барлық жарыс түрінің қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, жеңімпаздар марапатталады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты