«ҚАЗАҚМЫСТА» ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛІП, ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ҚАРҚЫНЫ АРТУДА

Қауіпсіздік күшейтіліп, геологиялық барлау қарқыны еселенген және инвестиция көлемі рекордтық деңгейге жетуде! Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен кәсіпорынның 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы жұмыс қорытындысы шығарылды...
Өндірістік қауіпсіздік саласындағы басты нәтиже — 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы жұмыс барысында оқыс оқиғаның мүлде тіркелмеуі. Бұдан бөлек, Штаттағы қызметкерлер арасындағы жарақаттану деңгейі 35%-ға қысқарған. Мұндай оң көрсеткіштер - Компаниядағы қауіпсіздік талабының қатаң бақылауға алынуының жемісі дейді корпорация басшылығы. Сонымен қатар, Қазақмыста шикізат қорын дамытуға бағытталған геологиялық барлау жұмысы мен инвестиция көлемі айтарлықтай артып келеді.
-(Төменгі горизонттарда немесе фланктарда шикізатты өсіретіндей жағдай бойынша болжам бар. Көктемде геофизикалық жұмыстарды жүргіздік. Шыққан есеп бойынша аноманиялар бар. Осы жұмыстарды атқару үшін ивес комитетіне 7 қондырғыны алу бойынша ұсыныс жасадық. 3 қондырғы жер асты бұрғылау жұмыстарын жасауға, қалған 3 қондырғы жер бетіндегі жұмыстарға арналған. Соның бәрі қолдауын тапты.) 2026 жыл - өндіріске ауқымды инвестиция бағытталған бетбұрыс кезеңі. Бір мезетте - бірнеше бағыт бойынша ірі жобалар қолға алынған. Бұдан бөлек, Жомарт, Жыланды және Нұрқазған кеніштерінде жабдықты жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қаңтар-сәуір айларының қорытындысында компания - концентраттағы және катодты мыс өндірісі бойынша жоспарлы көрсеткішті асыра орындаған.
-(Қаражат күрделі кен дайындау жұмыстары, шахтопроходкалау трестіне 110 млн доллар, техниканы жаңғырту және ремонттауға 110 млн доллар, дамуға басты жобалар бұл Жомарт,Нұрқазған, Жыланды кеніштерін дамыту, және орталық кеніштерде коммуникацияға көшіруге де қаражат бөлінді.) Ең бастысы оң өзгерістерді – қарапайым еңбек адамдары сезінуде. Кәсіпорындарға жұмыскерлерді тасымалдауға 90 жаңа автобус жеткізіліп, санитарлық-тұрмыстық нысандар жаңғыртылған. Мұның бәрі «Қазақмыстың» өз қызметкерлеріне деген қамқорлығының көрінісі.
-( Вспомагательный участоктерден бізге сояларға жаңа техникалар беріліп жатыр. Біздің жұмысымыз үшін ол өте маңызды. КМСтерге де жаңартылған техникалар қазір. Буровая установка, катер, торалардан да 22 единица осы жылы беріледі дейді.) Кездесуді қорытындылай келе, Руслан Өскенәлі компания қауіпсіздікті арттыру, өндірісті жаңғырту және еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғасатындығын баса айтты. Сонымен қатар кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және еңбек ұжымы алдындағы барлық міндеттемелерді орындау ерекше назарда болмақ.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


