Жаңалықтар

«ҚАЗАҚМЫСТА» ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ!

«ҚАЗАҚМЫСТА»   ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ!

«Қазақмыстың» - қазақтың Ұлттық ойындарына деген құрметі ерекше! Балқытушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Жезқазғанда - аталған кәсіпорын еңбеккерлері арасында «Қазақмыс ұлттық ойындары - 2026» дүбірлі додасы өтті…

Екі күнге созылған тартысқа толы сайыстарға корпорацияның 200 ге жуық еңбеккері қатысты. Жарыс бағдарламасына ұлттық спорттың таңдаулы жеті түрі енген. Атап айтар болсақ: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ойыны, бес асық, таяқ тарту, арқан тартыс және садақ ату. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің бас директоры Жәнібек Байғабелов арнайы қатысып: «ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен бұқаралық спортты насихаттау - ұжымдық бірлікті нығайтуға оң серпін беретіндігін» айрықша атап өтті..

«Баршаңызды келе жатқан Металлургтер күнімен және алғашқы ұлттық ойындардың өтуімен құттықтаймын. Бұл игі бастама үлкен дәстүрге айналады деп сенемін. Өз атымнан және компания басшылығының атынан баршаңызға алғысымды білдіремін. Себебі сіздер ұлттық спорт түрлерінің жанашырларысыздар, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген азаматтарсыздар. Өз еңбек ұжымдарыңызды лайықты таныстырып, күн сайын арнайы жұмыс киімін мақтанышпен киіп жүрген жандарсыздар. Сондықтан бұл ойындар баршамыз үшін үлкен әрі маңызды оқиға болады деп сенемін»

— Жәнібек Байғабелов, «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің бас директоры

Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар мен және бағалы сыйлықтармен мараптталды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жанкүйерлердің делебесін қоздырып, асыға күткен бәсекелерінің бірі - дәстүрлі қазақ күресі болды. Жауырыны жерге тимеген апайтөс балуандар айқасы екі салмақ дәрежесінде өтті. 80 келіге дейінгі салмақта «Жомарт» кенішінің қызметкері Қадыржан Қалдыбайдың мерейі үстем болса, 80 келіден жоғары салмақта Ғазиз Омаров атындағы Шахтапроходкалау тресінің еңбеккері Ислам Рахманқұлов топ жарды. Чемпиондарға «Қазақмыс Барысы - 2026» белбеуі мен жүйрік ат сыйға берілді.

«0856 3ші звуктан: / Бүгін 5 белдесу өткіздім 80 келіге дейін. 5 қарсыласымнан басым түстім Алланың қалауымен. Енді Қазақмысқа мың да бір рахмет осындай жарыс ұйымдастырып жатқанына. Жомарт кенішінің директорына рахмет мені осындай жарысқа босатып жіберіп отқанына. Осындай үлкен дейгейдегі жарыстарымыз көбейе берсін! Бұндай жетістіктеріміз бізді жұмысқа деген жігерімізді арттырады. Күреске бала кезімнен қатысам. Алланың қалауымен бүгінгі жарыста чемпион болу нәсіп етіпті. Аллаға сансыз шүкір!»

— Қадыржан Қалдыбай, «Қазақмыс Барысы - 2026» чемпиондық белбеуінің иегері (80 келіге дейін )

«0857 4ші звуктан: / Күрес 2010 нан бастап 10 жасымнан бастап күреспен айналысам. Бүгінгі жарыс жақсы дәрежеде өтті. 7ші рет ұтып тұрм осы Қазақмыс барысын,7 дүркін»

— Ислам Рахманқұлов, «Қазақмыс Барысы - 2026» чемпиондық белбеуінің иегері (80 келіден жоғары)

«Қазақмыс ұлттық ойындары - 2026» корпоративтік жарысы ұлттық спортты ұлықтаған тағылымды шараға айналды. Айта кетейік, Металлургтер күніне арналған мерекелік бағдарламалар әрі қарай да жалғасын таппақ.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты