«ҚАЗАҚМЫСТЫҢ» ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Қазақмыстың қамқорлығы! Аталған кәсіпорын - жұмыскерлерді баспанамен қамту бағдарламасын жалғастыруда. Биылғы жылдың наурыз айында бағдарлама аясында әлеуметтік осал санаттағы 13 жұмыскерге пәтер кілті табысталған. Ал, бүгінде тағы 16 еңбеккер тұрғын үйді меншікке алу үшін құжаттарын рәсімдеуде. Олардың 7-еуі Жезқазған, 9-ы Балқаш қаласының тұрғындары. Қоныс той иелерінің қуанышын бөлісіп қайтқан тілші бейнематериалына кезек берелік...
Жаңа үй – жайлы өмірдің бастауы! Бұл күн - Игорь Порабковичтің көп жылғы арманы орындалған қуанышты күн! Ол «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған мыс балқыту зауытында отыз жылға жуық уақыт табан аудармастан еңбек етіп келеді. Төккен тер текке кетпеді. Енді, міне, облыс орталығында отбасымен қоныс тойын тойлауда...
«(Менің корпорацияда жұмыс істеп жүргеніме биыл тура - 27 жыл! «Қазақмыстың» қолдауының арқасында баспаналы болып жатырмыз. Менің екі балам бар. Пәтер жақсы, кең, тұрған жері де қаланың орталық көшесі! Корпорация басшылығына айрықша алғысымды айтамын!)»
— Игорь Порабкович, Жезқазған қаласының тұрғыны
Компанияда тұрғын үй мәселесін шешу әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің және қызметкерлердің отбасын қолдаудың маңызды факторы.
Тұрғын үйді жеңілдетілген шартпен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған бағдарлама – корпорацияның өндіріс ошақтар бар барлық аймақты қамтиды.
Салтанат Балғабаева – Қарағанды облысы, Балқаш қаласының тұрғыны. Он алты жылдан бері «Balqash Tau-Ken Ondirisi» кәсіпорнында еңбек етіп жүрген Салтанат бүгін баспаналы болған жандардың қатарында.
«(Балаларымды асырап жеткізу қиын болды, себебі пәтер болмады. Мен үшін пәтер алу үлкен арман болатын. «Қазақмыс» корпорациясы сол арманымды орындады десем де болады. Балқаш қаласынан нарықтық құнына 10 пайызбен пәтер алу мүмкіндігі берілді. Алғысым шексіз, ерекше қуаныштымын!)»
— Салтанат Балғабаева, Балқаш қаласының тұрғыны
Тұрғын үй бағдарламасын дамыту жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсартуға және еңбек ұжымын қолдау мақсатын көздейді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіпорында – аталған бағыттағы жобалар әрі қарай да жалғаса бермек!!!
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


