ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ

Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде «Қазақшаңыз қалай атты?» атты әдеби-танымдық байқау ұйымдастырылды. Тағылымды шара қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналды. Байқауға қала мектептерінің оқушыларынан құралған 5 команда қатысып, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін ортаға салды.
Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем сөз оқу шеберлігін көрсетті. Екінші кезеңде ақынның өмір жолы мен шығармашылығын арқау еткен сахналық қойылымдар қойылды. Ал қорытынды бөлімде оқушылар еркін тақырыпта ой өрбітіп, ақын мұрасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың тілдік сауаттылығы, сөзді орынды қолдануы, ойды дәл жеткізе білуін басты назарға алды. Оқушылардың сахна мәдениеті де әділқазылар тарапынан бағаланды.
«0830 01:3401:50 Менің ұлтым орыс. №22 мектептен келдім.Мен өзім қазақ тілін кішкентайымнан білемін.Қазақ тілін білу маған ұстаздарым,достарым көмектесті білуге. Бұл жарыс өте ұнады.Тартысты болды жарыс. Ұйымдастырушыларға өз ризалығымды білдіремін»
— Милана Исматуллаева, №22 ЖББМ оқушысы
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.Алдағы уақытта да осындай әдеби-танымдық байқаулар ұйымдастырылу жоспарлануда.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


