«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Өңірде балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау мәселелеріне арналған ашық есік күні өтті. «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасы аясындағы мұндай шаралар еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылуда.
Іс-шараны «Әділет» партиясының Ұлытау облыстық филиалы ұйымдастырды. Кездесуге білім беру, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау салаларының өкілдері, сондай-ақ бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.
Ата-аналар мамандарға балалардың денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі және әлеуметтік қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Жиынға Балалар үйінің өкілдері де қатысты. Олар мекеме жұмысына байланысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Ата-аналар мен қатысушылар тарапынан айтылған барлық өтініш тыңдалып, олардың мәселелері әрі қарай жауапты мамандарға жолданды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер тұрғындардың өтінішін тікелей тыңдап, нақты шешім табуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


