ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Қазақстандықтар Референдум арқылы Жаңа Конституцияны қолдады. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Мәліметке сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адам болған. Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны – референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 73,12 пайызын құрайды. Ал, дауыс берушілердің 87 пайыздан астамы Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


