ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Халық партиясының Ұлытау облыстық филиалы жаңа конституция жобасын талқылады. Жиын барысында Конституция жобасының негізгі баптары жөнінде түсінік беріліп, партия ұстанымы ортаға салынды. Сондай-ақ алдағы конституциялық өзгерістерді іске асырудағы қоғамдық-саяси институттардың маңызы сөз болды.
Іс-шара барысында Қазақстан Халық партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Оразалы Бақырбаев конституциялық реформа елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең екенін атап өтті. Оның айтуынша, партия жаңа Конституция жобасын қолдайды және оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын жүзеге асыру мен «Әділетті Қазақстанды» қалыптастырудың заңды жалғасы ретінде бағалайды. Сонымен қатар жиында басқару жүйесіне енгізілетін негізгі өзгерістер түсіндірілді.
«ТАН / ПЕРЕВОД: Қазақстан Халық партиясы Конституциялық комиссия жариялаған жаңа Конституция жобасын қолдайды. Біз бұл құжатты Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформаларын жүзеге асырудың және Әділетті Қазақстан құрудың заңды әрі күтілген кезеңі деп бағалаймыз. Партиямыздың белсенді әрі жауапты ұстанымы адамға бағдарланған, қуатты әрі әділетті Қазақстан Конституциясын қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенемін»
— Оразалы Бақырбаев, Қазақстан халық партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы
Құжатта «Заң мен тәртіп», «Әділдік» қағидаттары бекітіліп, білім, ғылым және инновация арқылы адам капиталына басымдық беру қарастырылған. Сонымен қатар азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау, адвокат көмегіне кепілдік беру және еңбек ету құқығын күшейту нормалары түсіндірілді.
Сондықтан партия өкілдері жаңа заң жобасын толық қолдайтынын мәлімдеп, оны елдің болашағын қалыптастырудағы маңызды қадам деп бағалады. Мұндай ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілмек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


