«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» ӨҢІРЛІК КӨРМЕ БАЙҚАУЫ

Өткен сенбіде облыс орталығында – «Қазақстанның үздік тауары» және ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» мемлекеттік бағдарламасының өңірлік кезеңі өтті.
Көрме – отандық тауар өндірушілердің жетістіктерін насихаттап, оларды қолдау мен ынталандыруға арналған. Ғарышкерлер бақ жолындағы ашық алаңда өткен ілкімді шараға аймақ басшысы Дастан Рыспеков арнайы қатысты.
Аталған көрмеге - өңірдің өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, былғары, киіз және күмістен жасалған қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен тұтыну тауарларын өндіруші 80 ге жуық кәсіпкер қатысты. Олар аймақтың әр түкпірінен келген...
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мұндай шаралардың жергілікті кәсіпкерлер үшін берері мол дейді. Себебі, кәсіпкерлер бұл жоба арқылы республикалық деңгейдегі бизнес алаңдарға жолдама алады.
Көрме қортындысында үздік атанған жоба иелері бағалы сыйлықтармен марапатталып, республикалық байқауда бақ сынауға мүмкіндік алды. Көрмеге келген тұрғындар мен қонақтар отандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысып, өздеріне ұнаған тауарларды сатып алды.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


