Жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

12 ші сәуір - Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Биыл академиктің туғанына 127 жыл, ал, ғұлама ғалымның Ұлытау даласында алғаш геологиялық іздестіру жұмыстарын бастағанына 100 жыл! Атаулы күнде облыс орталығында - академиктің ескерткіші тұрған алаңда салтанатты жиын өтті...

Жезқазған – қазығын Қаныш ғалым қаққан қала! Жерінің асты қазына, үсті ырысты мысты өлке тарихына қайраткер тұлғаның есімі алтын әріппен жазылған.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тағылымды шараға жергілікті билік өкілдері, аймағымыздың арда ақсақалдары мен өндіріс ардагерлері және қоғам белсенділері қатысты.

Қаныш Сәтбаевтың геологиялық барлау жұмыстарының жемісін бүгінгі ұрпақ көріп отыр. Оның тыңнан түрен салған зерттеулері жалғыз Жезқазғанның емес, тұтас мемлекеттің игілігіне айналуда. Шараға қатысқан жалынды жастар ғалымның ғибратты ғұмыр жолын үлгі етеміз дейді...

Қаныштың қалдырған мұрасы әлі талай буынның несібесі болары сөзсіз. Іс шара қатысушылары жиын соңында Сәтбаевтың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты