«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДА

Облыс орталығында «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ашылуы өтті.
«ҚазТрансОйл» - магистральдық мұнай құбыры бойынша еліміздегі негізгі және көшбасшы кәсіпорын. Жезқазғанда бой көтерген үш қабатты заманауи ғимарат басқарма қызметтерін бір корпуста біріктіріп, қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз етуде...
«. – тек қазақша сөйлеген жері қойылады. Орысша жалғастырған жері орыс тіліндегі сюжетке»
— Ғазиз Қошанов, «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директор
Жаңа кешеннің жалпы ауданы 2116 шаршы метрді құрайды. Кешен – 74 қызметкерге арналған. Мұнда – өндірістік және әкімшілік бөлімшелерге арналған кабинеттер, қауіпсіздік техникасы сыныбы, конференция залы сынды бірнеше арнайы жұмыс бөлмелері қарастырылған. Нысанның ашылуына сала ардагерлері мен өкілдері қатысып, оң пікірлерін білдірді.
(2 синхрон да қазақша сөйлеген. Дәл осы ретімен тұр. Сол қалпы қиылмай беріледі.) Жаңа ғимарат аумағына бақылау-өткізу пункті мен автотұрақ та салынып, қосымша абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Құрылыс барысында негізінен Қазақстанда өндірілген заманауи материалдар пайдаланылған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


