Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАҒЫТЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

Облыс орталығында - Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен бұрын соңды болмаған серіктестік төрттағаны атты жаңа жоба қолға алынды. Бұл - мақсат мүддесі бір қоғамдық ұйымдардың - қоғамдық дамуды көздейтін бағдарламасы...

Қоғамның негізгі секторлары арасында өзара сенімге негізделген диалог пен тиімді серіктестікті дамытуға арналған тұрақты алаң – жаңа идеялар мен жаңа келісімдердің мекені болмақ. Мұндағы серіктестік нәтижесі – тұтас өңірдің дамуына да оң серпінін береді деп күтілуде...

Іс шара барысында үкіметтік емес ұйым жетекшелір мен бизнес өкілдері, мемлекеттік сектор мүшелері мен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қоғамдық даму бағытындағы ой пікірлерін ортаға салды.

Осы шарада «Жезқазғанның болашағы – дәл осы жерден басталады» қалалық макеттер байқауының жүлдегерлері марапатталды. Сондай ақ интерактивті командалық сессиялар мен қатысушылар арасында командалық жарыстар ұйымдастырылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты