Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ!

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ!

Қоғамдық кеңестердің құрылғанына – 10 жыл! Осынау мерейлі белеске орай облыс орталығында – Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесінің «Қоғамдық кеңес: Он жылдық тәжірибе және даму бағыттары!» атты салтанатты жиын өтті.

Қазақстандағы қоғамдық кеңестер институты ең алғаш 2016 жылы құрылған. Өткен 10 жыл ішінде қоғамдық кеңестер маңызды нормативтік актілер мен мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізіп, жемісті еңбек етіп келеді. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова – қоғамдық алаңның тарихына тоқталды...

Жезқазған қалалық қоғамдық кеңесіне бүгінде Сабыржан Тембаев төрағалық етеді. 10 жылдыққа арналған жиынға қалалық кеңесте әр жылдары жетекшілік және мүшелік еткен жандар шақырылған.

Қоғамдық кеңестің алқалы жиындарына қала басшылығынан бастап, еңбек ардагерлері, ақсақалдар алқасы арнайы қатысып, ой пікірлерін ортаға салып отырады. Өткен 2025 жыл мен 2026 жылдың төрт айында қалалық Қоғамдық Кеңес маңызды мәселелер бойынша 18 отырыс өткізіліп, 8 мемлекеттік мекеменің есебі тыңдалған. Он жылдыққа арналған жиында да бірқатар мәселелер күн тәртібіне шығарылды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты