ҚОЛЖЕТІМДІ ОРТА ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Облыста әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарының мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігіне бақылау күшейтілді. Бұл жұмыстарды Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті жүзеге асыруда. Бақылауды күшейтудің негізгі мақсаты - кедергісіз орта қалыптастырып, нысандардың қолжетімділік стандарттарына толық сай болуын қамтамасыз ету. Тексеру барысында пандустар, санитарлық тораптар, кіреберістер, лифтілер, тактильді көрсеткіштер мен қозғалыс жолдарының талапқа сәйкестігі жан-жақты қаралады. Күшейтілген талаптарға байланысты сала мамандары жаңа Құрылыс кодексі нысандардың қауіпсіздігі, функционалдылығы және қолжетімділігіне ерекше басымдық беріп отырғанын айтады. Осыған орай, 1 шілдеден бастап аумақтық департаменттерге Сәйкестік декларациясын келісу құзыреті беріледі. Бұл құжат нысанның құрылыс және жобалық нормаларға сай екенін растайды.Айта кетейік, талаптар сақталмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


