ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАМҚОРЛЫҚ – ОРТАҚ ПАРЫЗ!

Бүгін өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар экологиялық іс-шаралар өтті. Соның бірі Жезқазған Тау кен металлургиялық колледжінде өткен: «Қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ парыз» тақырыбындағы экосағат...
Жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынған іс-шараға колледж студенттері белсенді қатысып, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында құнды әрі пайдалы ақпараттар алды.
Экосағат барысында қатысушылар экологиялық мәселелерді талқылап, түрлі зияткерлік тапсырмаларды орындап, пікірталастарға қатысты.
«(Бүгінгі кездесуден біз табиғатқа деген жанашырлық бағытында біраз мағлұматтар алдық. Иә, қазір «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында апта сайын сенбіліктер өткізілуде. Меніңше қоқысты жинаумен қатар, оны шашпаудың алдын алу керек секілді. Осы тақырыпта пікір алмастық.)»
— Микаэлла Романица, Жезқазған тау-кен металлургиялық колледжінің студенті
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға, туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға да үлесін қосады дейді ұйымдастырушылар. Себебі табиғатты қорғау – адамзат баласының ортақ міндеті.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


