ҚОШ КЕЛДІҢ, РАМАЗАН!

Ертең Рамазан айының алғашқы күні. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бекітуімен биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт мамырдың 27-сі мен 29-ы күндері өтеді. Рамазанның бірінші күнінен бастап, Ораза айт намазына дейін мұсылман баласына пітір-садақа беру керек. Оразаларыңыз қабыл болғай, құрметті мұсылман қауымы. Қош келдің, Рамазан!
«Аса Қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймыз. Алланың қалауымен асыға күткен 12 айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айына келіп жатырмыз.Аллаһ тағала осы Рамазан айында ұстайтын оразаларымызды қабыл етсін.Бастайтын игі істерімізді амалдарымызды сауаптан жазсын. Бүін Алланың қалауымен 18 Ақпан алғашқы Тарауих намазын оқитын боламыз. Жылдағыдай мешітте Құптан намазынан кейін 20 рәкәт оқылады.Аллаһ қаласа Тарауих намазынан кейін Әкімшіліктің қолдауымен осы көлігі жоқ кісілерге қоғамдық автобус көлік ұйымдастырып беріп отыр ол кісілерге Рахмет, Аллаһ разы болсын. Жалпы оразаны біз 19 Ақпан таңда таң намазының уақытына дейін сәресін ішіп,ауызымды бекітіп ниет ететін боламыз. Биыл Рамазан айы 29 күн болып жатыр,яғни 19 Ақпан басталып 19 Наурыз соңғы оразамызды бекітіп ,ауызымды ашып 20 Наурыз Ораза айт мейрамын тойлаймыз»
— Бейбіт Жансарин, Ұлытау облысының бас имамы
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


