ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ӨҢІР АЗАМАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смолякова өңір ақсақалдары, кәсіпкерлер және блогерлермен кездесу өткізіп, азаматтардың көкейінде жүрген мәселелерін тыңдады. Қатысушылар өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, облыстың және еліміздің дамуына қатысты ой-пікірлерін білдірді.
Жиын барысында мәдениет, жастар тәрбиесі, отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар конституциялық реформалар мен алдағы саяси өзгерістер де талқыланып, халықтың бұл бағыттағы көзқарасы тыңдалды. Азаматтардың сұранысын ескере отырып, бір жыл бұрын құрылған «Re.Women» әйелдер қауымдастығы бүгінде еліміз бойынша 20 филиал ашып, 3000-нан астам белсенді кәсіпкер әйелді біріктіріп отыр. Қауымдастық мүшелері экономикамен қатар педагогика, медицина, туризм және әлеуметтік кәсіпкерлік салаларында да белсенділік танытып келеді. Республика партиясы бұл бастамаларды қолдап, заңнамалық өзгерістер мен жаңа мамандықтарды дамыту арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.
«0729 Енді біздің партиямыздың басты мақсаттарының бірі жалпы стратегияларының бірі бұл еліміздегі тұрақтылық,экономикалық және әлеуметтік даму болып табылады.Осы бағытта біздің негізгі бағыттарымыздың бірі бұл бизнесті қолдау әрине кіші,орта бизнес.Одан кейін туризм саласы,әйелдерді қолдау,балалардың қауіпсіздігі,жастарды қолдау мәселелері.Әйелдерді қолдау мәселесі.Мінекей осының барлығы біздің партиямыздың бағдарламасында толық қамтылған.Бұл кездесуде еліміздің азаматтары өздернің көкейінде жүрген проблемаларын сұрақтарын айтып жатыр.Ұсыныстарын беріп жатыр»
— Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қоғам өкілдері өңірде әлі де шешімін таппаған әлеуметтік мәселелердің бар екенін атап өтті. Әсіресе халық санының азаюы, медицина саласындағы инфрақұрылымның жеткіліксіздігі мен кадр тапшылығы алаңдаушылық туғызып отыр.
«тан / Мысалы бізде облыс құрылғаннан бері облыстың халқы азайып бара жатыр.Биыл қалай болатынын білмейм,азайып бара жатыр.Сондықтан да кейде мына жастар жағы қалғысы келмейді.Оның бірінші себебі мысалы бізде перенетальный центр жоқ.Олар айтады многопрофильный больницада орын бар.Сол кезде нетуге болады деп.Ал бұрын бізде үлкен родильный дом болған.Ал қазір айтады сендердің халықтарың аз дейді.Мысалы бізде дәрігер жетіспейді,жаңа онкологический центр жоқ.Онкологический центрді кезінде Қасымбек Қарағандының әкімі болып тұрғанда шешіп еді,одан отклонить етті.Енді қайтадан салу керек,ал оны местный бюждеттен салу керек,проекты жасауды жақында ғана бастады,2жарым мыңдай адам бар»
— Сағындық Қожамсейітов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
«тан / Біздің елімізде қазір баланың тәрбиесі,мәдениет,елдің келешегі ақсап тұр.Міне мемлекетіміз қазақ.Қазақтың бір дәстүрі қалған жоқ қазір.Қазақтың тілін менсінбейді,киімін менсінбейді.Ата-әжесін көрсе әлі күнге дейін күледі.Ал осыны міні уақытында айтылды,осыны әрі қарай дамыту сіздерге байланысты.Біз 35 жыл егемендік ел деп отырмыз.Егемендік елдің телестудиясы мен мәдениетін өзі басқару керек қой. Телевизор барлық мәдениеттің бастауы телевизорда тұр.Ал енді телевизордан ақша жоқ деп әр мемлекеттік бірдеңесін көрсетіп,ақша жоқ ол қазіргі саясат деуге келмейді.Бізде ақша жетеді.Елдің келешегінен,мәдениетінен ақша аяған адам елдің келешегі жоқ.Келешек қазірдің өзінде үлкен ақсап тұр»
— Қадыр Үңгітбаев, еңбек ардагері
Кездесу қорытындысында Мәжіліс депутаты айтылған барлық ұсыныстар мен сын-пікірлер Парламент деңгейінде қарастырылатынын атап өтті. Мұндай ашық диалог алаңдары халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


