Жаңалықтар

ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

ҚР ПРЕМЬЕР МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыс орталығындағы бірқатар стратегиялық маңызы бар нысандарды аралап, қалалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. КАДРДАН ТЫС: Жұмыс сапары Жезқазған қаласындағы жаңа теміржол вокзалынан басталды. Биыл өңірде Жезқазған, Қаражал, Жаңаарқа және Қызылжардағы төрт теміржол вокзалына ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Жоба аясында вокзал ғимараттары күрделі жөндеуден өтіп қана қоймай, іргелес аумақтар да толық абаттандырылады.

Нысанды аралау барысында Нұрлыбек Нәлібаев теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен құрылыс талаптарының қатаң сақталуын ерекше бақылауға алуды міндеттеді. ИНТЕРШУМ: 0413, 4-дыбыстан Бұдан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жылына 200 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіретін Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорында өндірісті жаңғырту, технологиялық үдерістердің тиімділігін арттыру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ делегация Жезқазған байыту фабрикасында болып, өндіріс көлемін ұлғайту мен технологиялық процестерді жетілдіру бағытындағы жұмыстарды қарады. Ал Жезқазған жылу электр орталығында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Нұрлыбек Нәлібаев қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз етудің маңызын атап өтіп, дайындық жұмыстарының әр кезеңін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. ИНТЕРШУМ: 0446 видеодан КАДРДАН ТЫС: Жұмыс сапарының соңында облыс орталығын дамытудың бас жоспары қаралды. Оның ішінде жаңа Батыс ауданын дамыту және Кеңгір су қоймасы жағалауын абаттандыру жобалары таныстырылды. Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту қарқынын күшейтуді, «Қазақмыс» корпорациясымен жасалған меморандум аясындағы жобалардың орындалуын қатаң бақылауды, сондай-ақ өңірге инвестиция тарту мен кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты