Жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ ДЕРЕКТІ КИНО АПТАЛЫҒЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ ДЕРЕКТІ КИНО АПТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған Республикалық деректі кино апталығының Жезқазғандағы көшпелі көрсетілімі жалғасуда. Бүгін Көрермен назарына «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» және «СЕРТ» деректі фильмдері ұсынылды.

Бүгінгі туындыларда табиғатты қорғау, тарихи мұраны жаңғырту және ел тарихындағы елеулі оқиғалар арқау болды. «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» фильмінде Қазақстанға Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру жобасы мен Іле-Балқаш резерватына әкелінген Амур жолбарыстары туралы баяндалады. Туындыны тамашалаған көрермен бұл бастаманың ел экологиясы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Ал «СЕРТ» деректі фильмінде 2024 жылдың көктемінде еліміздің бірқатар өңірін шарпыған алапат су тасқыны, оның салдары және сол нәубетті бастан өткерген жандардың оқиғасы көрсетіледі. Фильм көрерменге қиын кезеңдегі ел бірлігін және Мемлекет басшысының халыққа берген уәдесінің орындалуын жеткізеді.

Айта кетейік, республикалық деректі кино апталығы 20 мамырда Астанадан басталған. Көшпелі жоба қыркүйек айына дейін жалғасып, еліміздің 20 өңірін қамтиды. АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты