Жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ ДЕРЕКТІ КИНО АПТАЛЫҒЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІНІҢ ДЕРЕКТІ КИНО АПТАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған Республикалық деректі кино апталығының көшпелі көрсетілімі – Ұлытау облысына келді. Аталған апталық аясында бүгін ұлытаулық көрермендерге – «ARAL» және «ҚУАТТЫ СЕРІКТЕС» деректі фильмдері ұсынылды...

20 мамыр күні Астанадан бастау алған республикалық деректі кино апталығы қыркүйек айына дейін 20 өңірді толықтай қамтымақ.

Көпшілік назарына ұсынылатын киноөнімдерде - ел өміріндегі маңызды оқиғалар, мемлекеттік реформалар мен ауқымды өзгерістер, еңбек адамдарының тағдыры мен қоғамның тыныс-тіршілігі көрініс табады.

«(Біз - Президент Телерадиокешені дайындаған ең үздік деген туындыларды көрсетеміз. Негізгі мақсат: бүгінгі қоғамдағы өткір мәселелер мен мемлекеттің даму бағытындағы тың жетістіктерді халықққа деректі және дәйекті түрде жеткізу. Әр деректі фильмнің өзінің тарихы, айтар ойы бар!)»

— Эльмира Ишмухаметова, ҚР Президенті Телерадиокешені деректі кино орталығының аға-редакторы

Бүгін көрсетілген «ҚУАТТЫ СЕРІКТЕС» фильмінде - Мемлекет басшысының Жапонияға сапары баян етілсе, «ARAL» туындысы - Арал теңізінің қасіреті мен ондағы байырғы балықшылардың тағдырынан сыр шертеді.

Айта кетейік, деректі кино көрсетілімі облыс орталығында ертең де жалғасын табады. Әрі қарай Президенті Телерадиокешенінің көшпелі кино апталығы Қарағанды облысына жол тартады.

Дереккөз: ULYTAU TV YouTube

Тақырыпқа қатысты