ҚР ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ 2

Ұлытау облысында – ҚР Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу бойынша 127 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеуде. Өңірде 138 мыңнан астам дауыс беруші бар. Қаражал қаласында 6 сайлау учаскесінде тау-кен байыту комбинатындағы ауысым кестесіне сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясы шешімімен дауыс беру сағат 06:00 ден басталды. Ал, аймақтағы 57 учаскеде сайлаушылар тізімінде азаматтарды тексеру бойынша онлай-сервистер және 6 учаскеде азаматтарды тіркеу бойынша сервистер жұмыс істеуде. Халықтың Сайлауға қатысу белсенділігі жоғары.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


