ҚҰНДЫ СЕМИНАР – ТИІМДІ ТӘЖІРИБЕ

«Кәсіби қызметтегі психологиялық тұрақтылық және тиімді коммуникация!» Өңірде - құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған «Профайлинг» тақырыбында ауқымды семинар өтті. Семинарға спикері ретінде республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының мүшесі, сарапшы-психолог Лола Шакимова арнайы келіп қатысты.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін – психологиялық бағыттағы іс шаралардың маңызы зор. Кезекті семинардың негізгі тақырыбы да осы бағытта болды. Қатысушылар сыртқы мінез-құлық сипаттамаларына сәйкес адамның эмоционалды және психологиялық жағдайының ерекшеліктерін қалай анықтауға болады және адамның мінез-құлқындағы өзгерістерді тану тетіктері сынды тақырыпта біраз ақпарат алды.
«(Біз семинарда белсенді қарым-қатынас түрін қолданамыз, яғни тренинг жаттығуларын немесе шындыққа жақын жағдайларды жария етеміз. Менің ойымша, бұл семинар - тек танымдық рөлді ғана емес, сонымен қатар психо-түзету, тәрбиелік және адамгершілік тұрғыда маңызды рөл атқарады. Маған тыңдаушылардың белсенділігі ұнады.)»
— Лола Шакимова, психолог
Семинардың бір бөлігі: агрессивті және зорлық-зомбылыққа бейім адамдардың психологиясына, сондай-ақ экстремистік әрекеттерге таяу адамдардың мінез-құлық ерекшеліктеріне арналды.
Семинар қатысушылары – мұндай семинарлардың құқық қорғау органдарының кәсіби қызметтегі тиімділігі зор дейді. Аталған бағыттағы ілкімді шаралар әрі қарай да жалғаса бермек.
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


