ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жезқазғанда интернет алаяқтық, дропперлік және есірткі қылмыстарының алдын алуға бағытталған семинар өтті. «Заң мен тәртіп: дропперлік пен есірткіге қарсы қоғам» тақырыбындағы кездесуге жүзден астам студент пен ұстаз қатысты. Мамандар жастар арасында кейінгі уақытта белең алған қылмыс түрлерінің қаупін түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселесіне ерекше тоқталды.
Бүгінде интернет алаяқтық пен дропперлік схемалар қоғам үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жасыратыны жоқ, бүгінде кей жастар жеңіл табысқа алданып, өздерінің банк карталары мен жеке мәліметтерін бөгде адамдарға беру арқылы қылмыстық әрекеттерге еріксіз араласып жатады. Семинар барысында осындай қауіптердің алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушыларға күмәнді қаржылық операциялардан сақтану, интернеттегі жалған жарнамалар мен алаяқтық схемаларды ажырату тәсілдері де айтылды. Сонымен қатар есірткі қылмыстарының салдары мен заң алдындағы жауапкершілік кеңінен түсіндірілді.
«2ші звуктан: / Бүгінгі күнге есірткі қылмысын алу бойынша 400 ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді.Оның ішінде дәрістер бар,семинарлар,спорттық ұйымдар,форум, және де оқушылар арасында бейнероликтер және сурет байқаулары өтуде. Бұндай іс-шаралар бұдан әрі өзінің жалғасын табады.Осындай іс-шаралардың нәтижесінде бүгінгі күнге Ұлытау облысы бойынша есірткі қылмысына тартылған жасөспірімдер анықталған жоқ»
— Айна Атабаева, Ұлытау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі
Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған іс шаралар әрі қарай да жалғаса бермек...
Дереккөз: ULYTAU TV YouTube


